Асханадағы сапалы тамақтанудың тексеру актісі
«М.Таенов атындағы негізгі мектебі » КММ бойынша
Асханадағы сапалы тамақтанудың тексеру актісі.
2023-2024 оқу жылы. 12.10.23
Мектеп оқушыларын сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында құрамында 5 адамнан тұратын бракераж комиссиясының мүшелері: Шакирова Ж.А- директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, Аубакирова Г.С- мектеп медбикесі, Мадыбаев А.М-профком төрағасы,Бекбауова Г.О-қамқоршылар комиссиясының төрайымы, Калынбекова С.М-қамқоршылар комиссиясының хатшысының қатысуымен қазан айында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мектепке келіп түскен азық-түліктің сапалылығы мен қауіпсіздігі, сақталу және аяқталу мерзімі жазылған құжаттары, азық-түлік сақтайтын қойма тексерілді. Мектеп бойынша 22 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Күнделікті тағам ас мәзірі бойынша пісіріледі,берілген талап бойынша тағамның сапалығы,бағалануы, дайындау тәсілі , тағамның салынуының нормасының дұрыстығы қадағаланып, бракераж журналына тіркелінеді.Асхананың санитарлық жай-күйі тексерілді,ондағы тоңазытқыштың жарамдылығы, тағам пісіретін плиталардың жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Тазалап жуу құралдары тексерілді.