Асханадағы сапалы тамақтанудың тексеру актісі
«М.Таенов атындағы негізгі мектебі » КММ бойынша
Асханадағы сапалы тамақтанудың тексеру актісі.
2023-2024 оқу жылы. 25.12.23
Мектеп оқушыларын сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында құрамында 4 адамнан тұратын бракераж комиссиясының мүшелері: Шакирова Ж.А- директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, Аубакирова Г.С- мектеп медбикесі, Бекбауова Г.О-қамқоршылар комиссиясының төрайымы, Калынбекова С.М-қамқоршылар комиссиясының хатшысының қатысуымен желтоқсан айында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ас мәзірінің сәйкестігі, мектепке келіп түскен азық-түліктің сапалылығы мен қауіпсіздігі, сақталу және аяқталу мерзімі жазылған сертификаттар, азық-түлік сақтайтын қойма тексерілді.Асхана қызметкерінің сыртқы бейнесі, дене жарақатының болу,болмауы қаралды.
Тағамның атауы | Дайын тағамның мөлшері (грамы) | |
7-11жас | 11-18 | |
Каша манная молочная | 200 | 250 |
Пряник творожный | 35 | 35 |
Сок | 200 | 200 |
Хлеб ржано-пшеничный | 20 | 40 |
Қорытынды:Біз,төмендегі қол қоюшылар,мектептегі асхана жұмысының дұрыс жүргізілуіне бақылау жүргіздік. Бақылау барысында төмендегідей жағдай анықталды. Оқушылардың сапалы тамақтануында кемшіліктер байқалмады,тағам ас мәзірі бойынша пісірілген, сақталуы, мөлшері, сапалығы талапқа сай.Асхана қызметкерінің ауыстырып киетін 3 жұмыс киімі талапқа сай бар.
Комиссия мүшелері:
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Ж.А.Шакирова
Қамқоршылар комиссиясының төрайымы: Г.О.Бекбауова
Қамқоршылар комиссиясының хатшысы: С.М.Калымбекова
Мектеп медбикесі: Г.С.Аубакирова
