Асханадағы сапалы тамақтанудың тексеру актісі
«М.Таенов атындағы негізгі мектебі » КММ бойынша
Асханадағы сапалы тамақтанудың тексеру актісі.
2024-2025 оқу жылы. 24.01.24
Мектеп оқушыларын сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында құрамында 4 адамнан тұратын бракераж комиссиясының мүшелерінің қатысуымен қантар айында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мектепке келіп түскен азық-түліктің сапалылығы мен қауіпсіздігі, сақталу және аяқталу мерзімі жазылған құжаттары, азық-түлік сақтайтын қойма тексерілді. Мектеп бойынша 22 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, бір күндік тағамның бағасы 620 тенгені құрайды.Ас мәзірі өзгертілді.Күнделікті тағам ас мәзірі бойынша пісіріледі,берілген талап бойынша тағамның сапалығы,бағалануы, дайындау тәсілі , тағамның салынуының нормасының дұрыстығы қадағаланып, бракераж журналына тіркелінеді. Аспазшының денсаулығы,қолының тазалығы қаралды.Асхананың санитарлық жай-күйі тексерілді,ондағы тоңазытқыштың жарамдылығы, тағам пісіретін плиталардың жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Тазалап жуу құралдары тексерілді.
Тағамның атауы | Дайын тағамның мөлшері (грамы) | |
7-11жас | 11-18 | |
Суп лапша домашняя с курицей | 200 | 250 |
Пирожок печеный с картофелем | 75 | 75 |
Кисель плодово-ягодный | 200 | 200 |
Хлеб пшеничный | 20 | 40 |
24.01.24
Қорытынды: Тексеру барысында оқушылардың сапалы тамақтануында кемшіліктер байқалмады,тағам ас мәзірі бойынша пісірілген, сақталуы, мөлшері, сапалығы талапқа сай.Медбике Г.Аубакированың қадағалуымен тағамның сапасы,каллориясы,піскен кездегі дәмі күнделікті тексеріледі,1 күндік пробасы алынып тағам тоңазытқышқа қойылады.Тоңазытқыштың температура режимі жүргізіліп отырады.Тазалап жуу құралдары жеткілікті мөлшерде,жуу ережелері асханада ілінген.Аспазшының денсаулығын,жарақатының бар,жоғы арнайы журналға тіркеледі.
Комиссия мүшелері:
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Ж.А.Шакирова
Қамқоршылар комиссиясының төрайымы: Г.О.Бекбауова
Қамқоршылар комиссиясының хатшысы: С.М.Калымбекова
Мектеп медбикесі: Г.С.Аубакирова

